Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балаларға арналған травматологтар мен ортопедтер ашық есік күнін өткізеді

Астанада балаларға арналған травматологтар мен ортопедтер ашық есік күнін өткізеді

Астана қаласының №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы базасында 26 мамыр күні республикалық «Дәрігер – балалардың жанашыры» акциясы аясында балалар ортопедтері мен травматологтарының ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – балалардағы тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу және ортопедиялық пен травматологиялық ауытқуларды ерте анықтау. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта дене бітімінің бұзылуы, жалпақтабандық, сколиоз, сондай-ақ тұрмыстық және спорттық жарақаттардың салдары ортопедтер мен травматологтарға жүгінудің жиі себебіне айналып отыр. Көптеген ауру ерте кезеңде түзетуге келетіндіктен, дер кезінде назар аудару өте маңызды. Ашық есік күні аясында мына шаралар жоспарланған:• ортопед-дәрігерлер мен травматологтардың тегін консультациялары;• балаларды профилактикалық тексеру;• тірек-қимыл жүйесін дамыту және нығайту мәселелері бойынша жеке ұсыныстар;• ата-аналарды толғандырған сұрақтарға мамандардың жауаптары.Іс-шараға қатысу тегін, алайда алдын ала тіркеуден өту қажет: www.2kqba.kz. Іс-шара өтетін орынның мекенжайы: Р.Қошқарбаев көшесі, 64 (Абылай хан көшесі жағынан емханаға кіру).скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады