Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жыл сайын жатыр мойны обырының 120-дан астам жаңа жағдайы анықталады

Астанада жыл сайын жатыр мойны обырының 120-дан астам жаңа жағдайы анықталады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл дата онкологиялық аурулардың әлі де заманауи медицинаның маңызды әлеуметтік-медициналық мәселелерінің бірі болып отырғанын еске салады. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісіктердің едәуір бөлігінің алдын алуға болады. Соның айқын мысалы – жатыр мойны обыры. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева, акушер-гинеколог дәрігер, профессор әрі №13 қалалық емхананың директоры Жанерке Әжетова мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жатыр мойны обырының басым бөлігі адам папилломасы вирусын (АПВ) жұқтыру салдарынан дамиды. Алдын алу шаралары мен уақытылы анықтау жүргізілмеген жағдайда, бұл вирус қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.

Жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың шамамен 93 пайызын құрайды. Ауру баяу дамиды – орта есеппен жұқтырғаннан кейін 15-20 жыл өткен соң пайда болады, ал бастапқы қатерлі өзгерістер көбіне еш белгісіз өтеді. Осыған байланысты профилактиканың маңызы ерекше екені атап өтілді.

Адам папилломасы вирусы – 200-ден астам вирустың жиынтығы. Олардың бір бөлігі онкогендік қаупі жоғары түрлерге жатады және қатерлі ісіктердің дамуына себеп болуы мүмкін. АПВ жыныстық жолмен, тұрмыстық қатынас арқылы, сондай-ақ анадан балаға жұғуы ықтимал. Көп жағдайда инфекция симптомсыз өтеді, алайда онкогендігі жоғары типтер жатыр мойны обырының 95 пайыздан астам жағдайына себеп болады.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының шамамен 1 800 жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел осы дерттен көз жұмады. Бұл күніне орта есеппен бес жаңа жағдай анықталып, екі әйелдің өмірден өтуі дегенді білдіреді.

Астанада 2023 жылы бұл диагнозбен диспансерлік есепте 834 әйел тұрған, ал 2022 жылы олардың саны 735 болған. Елордада жыл сайын 120-дан астам жаңа жағдай анықталады, өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,9-ды құрайды. Жатыр мойны обыры Астанада әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында бесінші орында тұр. Ерте диагностика жақсарғанымен, аурушаңдық деңгейі мен асқынған түрлерінің үлесі әлі де жоғары.

Осыған байланысты мамандар АПВ-ға қарсы вакцинацияны жатыр мойны обырының ең тиімді бастапқы алдын алу әдісі деп атап өтті.
Вакцинация онкогендік типтегі АПВ жұқтырудың алдын алып, қатерлі және обыр алды жағдайлардың даму қаупін төмендетеді әрі табиғи жолмен жұқтырғаннан кейін қалыптасатын иммунитеттен де жоғары қорғаныс береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті