Облыс әкiмi жұмыс бабымен Мағжан Жұмабаев ауданында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Күз — астық жинау ғана емес, жыл басында жоспарланған жөндеу науқанын қорытындылайтын кезең. Бүгiн Мағжан Жұмабаев ауданындағы жөндеу жұмыстарының орындалуын тексердiм. Биыл облыстағы 128 ауылды жөндеуге 18,6 млрд.тг бөлiндi. Мағжан Жұмабаев ауданында Полтавка, Александровка, Надежка және Октябрьское ауылдарын сумен жабдықтауға 1,2 млрд.тг бағытталды.⠀
Ауылдарға кешендi жөндеу жүргiзiлдi. Жақсы мысал — Советское ауылы. 2 жыл iшiнде бұл ауылды жаңғыртуға шамамен 1 миллиард теңге бөлiндi.
«Ауылдағы сумен жабдықтау желiсi толығымен қайта құрылды, 100-ден астам отбасы қазiрдiң өзiнде үйге су тартып алды. 12 көшенiң бесеуiне жаңа асфальт төселдi. Ауыл бойынша 100 жаңа шам орнатылды. Жергiлiктi мәдениет үйi жөнделуде. Ауыл тарихы маңызды, сондықтан тұрғындардың өтiнiшi бойынша мәдениет үйiнiң қасбетiндегi мозаиканы сақтаймыз», — деп жазды өңiр басшысы әлеуметтiк желiдегi парақшасында.⠀
Биыл құрғақшылық болды. Сондықтан тұрғындардың қыс мезгiлiне барынша дайындалуы өте маңызды. Бұл жем дайындау, жемiстер мен көкөнiстердi жертөлелерде сақтау.
«Сапар барысында дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi Ахметжан Қанышевтiң үйiнде болдым. Әйелi мен қызымен бiрге шаңырақ иесi шаруашылық жүргiзедi, көлiк сатып алды. Отбасы шөп, сабан мен жарманы өз күштерiмен дайындады. Қанышевтар мал басын одан әрi көбейтудi жоспарлап отыр», — дедi облыс әкiмi.⠀
Жас кәсiпкер Арман Уатаев Жастар ауылының дамуына үлес қосуда. Бизнесмен сүт фермасын салып жатыр, 20 ауыл тұрғыны жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етiледi. Арман бидай өсiрумен айналысады, сонымен қатар iскерлiк серiктеспен бiрге тұрғындардың үйлерiн сумен қамтамасыз етуге көмек көрсетiп жүр.