Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да тағы екі аудан карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка ауданындағы Малютка кенті мен Есіл ауданындағы Явленка елдімекенінде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


СҚО еліміз бойынша бірнеше күннен бері коронавирус инфекциясын жұқтырудан алдыңғы үштікте келеді. Мәселен соңғы мәлімет бойынша бір тәулікте сырқаттанғандар саны 11 адамға артты.


Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО әкімдігі жанындағы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында құрылған аумақтық комиссияның 6 қазан күні жаңа хаттамасы жарияланды. Яғни екі аптада ауылдық жерлерде қауіпті инфекцияны жұқтырудың 3-5, ал аудан орталығында 7 және одан да көп жағдайы тіркелсе, карантин шектеулер күшейтіледі.


Осыған орай Есіл және Мамлют аудандарының орталықтары карантинге жабылды. Соңғы екі аптада Мамлюткада – 16 және Явленкада 16 адам COVID-19 жұқтырған.


Бұл елдімекендерде тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді. Сондай-ақ ресми және жекеменшік жолаушы тасымалдаушыларға облыс орталықтарынан басқа елдімекендерге және Петропавлға жолаушы тасымалдауға тыйым салынды.


Еске сала кетсек, 9 қазанда Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласы карантинге жабылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді