Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды

Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында бүгін 261 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде 12 жабық учаске. Барлық учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 444 198 адамды құрайды.

Таңғы уақытқа қарамастан, өңірдегі учаскелерде тұрғындардың белсенділігі байқалады. Маңғыстаулықтар өз таңдауларын жасау үшін дауыс беру учаскелеріне келіп жатыр. Бұл тұрғындардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін және елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Референдумға қатысушылар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді дауыс беру мақсатында барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскелерде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ашық әрі айқын ұйымдастырылған. Комиссиялардың жұмысына бақылаушылар қатысып, дауыс беру рәсімінің заңдылығы мен ашықтығын қадағалап отыр.

Өңірлік бөлініс бойынша ең көп учаске Ақтау қаласында орналасқан — 94. Жаңаөзен қаласында — 41, Мұнайлы ауданында — 42, Бейнеу ауданында — 30, Маңғыстау ауданында — 22, Қарақия ауданында — 18, ал Түпқараған ауданында — 14 референдум учаскесі бар.

Айта кетейік, референдум барысында өңір тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси дамуына қатысты маңызды мәселелер бойынша дауыс бере алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі