Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтүтек боран: Қарағанды облысында полицейлер мыңдаған адамды құтқарды

Ақтүтек боран: Қарағанды облысында полицейлер мыңдаған адамды құтқарды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында екі тәулік бойы толассыз соққан боран республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдайды күрделендірді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалың қар, үдей соққан жел мен шектелген көріну жағдайында жолда жүру қауіпті бола түсті. Осындай сын сәтте Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріліп, жолдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылды. Ең күрделі жағдай Қарағанды – Астана бағытындағы тасжолда болды. Қарлы боранда ондаған көлік жолда қалып, жолаушылар көмекке мұқтаж болды. Осындай кезде полицейлер адамдарға дер кезінде жетіп, оларға бағыт-бағдар беріп, қауіпсіз аймақтарға шығуына көмектесті.

11 наурыз күні боран сәл саябырлап, күн ашылған сәтте патрульдік полиция батальоны жолдағы көліктерді ұйымдасқан түрде ілеспе алып жүру жұмыстарын бастады. Нәтижесінде Қарағандыдан Астана бағытына қарай 600-ге жуық автокөлік, ал Астанадан Қарағандыға қарай 3000-нан астам көлік қауіпсіз жеткізілді. Көліктерді ілеспе алып жүру жұмыстарын Қарағанды облысы патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов тікелей өзі басқарып, барлық күш пен техниканы үйлестірді. Қауіпсіздікті сақтау үшін колоннаның қозғалыс жылдамдығы сағатына шамамен 30 шақырым деңгейінде ұсталды. Полицейлердің айтуынша, бұл – қолайсыз ауа райы кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған ең тиімді шаралардың бірі. Тәртіп сақшылары тек колонна ілеспесімен шектелген жоқ. Жол жабылғанға дейін жолға шығып кеткен және қар құрсауында қалған көліктерді қардан шығарып, кейбірінің техникалық ақауын жөндеуге де көмектесті. Сөйтіп, боранды күндері жүздеген жүргізуші мен жолаушының аман-есен жолын жалғастыруына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды – Астана автожолы әлі де жабық. Полицейлер азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ауа райы тұрақталғанша жолға шықпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі