Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда патрульдік полицейлер есірткіге мас жүргізушіні анықтады

Қарағандыда патрульдік полицейлер есірткіге мас жүргізушіні анықтады
Фото: polisia.kz

Қарағандыда патрульдік полицейлер есірткіге мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға қала орталығында қызмет атқарып жүрген полиция жасағының жоспарлы тексеруі кезінде тіркелді. Полицейлер тоқтатқан автокөліктің 27 жастағы жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында оның бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Материалдарды рәсімдеу кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мінез-құлқындағы күмәнді белгілерге назар аударды. Алғашында ол өте баяу әрекет етіп, селқос көрінген, алайда кейін кенеттен шамадан тыс белсенділік таныта бастаған. Осыған байланысты жүргізуші медициналық куәландырудан өткізу үшін арнайы мекемеге жеткізілді.

Тексеру нәтижесінде оның есірткі заттарын қолданғаны анықталды. Қан талдауы жүргізушінің ағзасында мефедрон, тропикамид және A-PVP сияқты психотроптық заттардың бар екенін көрсетті. Жүргізушінің медициналық куәландыру қорытындысы және көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырғанын дәлелдейтін барлық материалдар сот органдарына жолданды. Алда заңды өрескел бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген жүргізушінің жауапкершілік шарасын айқындайтын процестік шешім қабылданады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді