Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда полиция есірткіге мас халде көлік жүргізген жүргізушіні анықтады

Түркістанда полиция есірткіге мас халде көлік жүргізген жүргізушіні анықтады
Фото: Polisia.kz

Түркістанда полиция есірткіге мас халде көлік жүргізген жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Сайрам ауданында жедел-профилактикалық іс-шара өткізген жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Opel Vectra автокөлігін басқарған 40 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің рульде есірткілік мас халде және құжатсыз тізгіндегені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі айып тұрағына қойылды. Іс-шара барысында полицейлер барлығы 334 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 276-сы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері. Тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 407 адам мен 281 қару иесі тексерілді.

Азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзудың 4 фактісі анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ұсақ бұзақылықтың 18 фактісін, абаттандыру ережелерін бұзудың 8 фактісін және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтады. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін 3 жасөспірімнің ата-анасы полицияға шақыртылды. Сонымен қатар "Қорғау - қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен төленбеген айыппұлдары бар 11 борышкер анықталып, айыптұраққа 14 көлік қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді