Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде полицейлер есірткіге мас күйінде автокөлік басқарған жүргізушіні ұстады

Өскеменде полицейлер есірткіге мас күйінде автокөлік басқарған жүргізушіні ұстады
Фото: polisia.kz

Өскеменде полицейлер есірткіге мас күйінде автокөлік басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Өскемен қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сәтпаев даңғылында жол ережесін бұзғаны үшін ВАЗ-21144 автокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде 37 жастағы жүргізушінің жағдайы полицейлердің күдігін тудырды. Сол кезде ер адамды медициналық тексеруге жіберу туралы шешім қабылданады. Жүргізілген сараптама құқық бұзушының көлікті есірткі пайдаланып басқарғанын көрсетті.

Жол қозғалысы ережесін бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Өскемен қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін белгіленген жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады