Астана қаласынан шыққан 15 жастағы жас шахматшы Сауат Нұрғалиев 2026 жылғы Aeroflot Open халықаралық турнирінде ерекше көзге түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнирге 16 елден 169 шахматшы қатысты, олардың ішінде 49 гроссмейстер бар. Ал олардың арасында Ян Непомнящий, Александр Грищук және Андрей Есипенко сияқты танымал спортшылар болды.
Астаналық жас шахматшы 8-орынға ие болды. Турнир 9 турдан тұратын швейцарлық жүйе бойынша өтті. Ян Непомнящий сенімді жеңіске жетіп, 7,5 ұпай жинаса, Сауат 6,5 ұпай жинап, 4 жеңіс пен 5 партияны тең есеппен, бірде-бір жеңіліссіз аяқтады. Ол бастапқыда тізімде 74-орында тұрса да, Есипенко, Грищук, Даниил Дубов және басқа да титулды спортшылардан озды.
Сауат рейтингте 2423 ұпайымен әлемнің топ-30 деңгейіндегі ойын көрсеткен. Турнирді тамаша аяқтады: соңғы турда қара фигуралармен 17 жастағы ресейлік гроссмейстер Савва Ветохинді (2572) 113 жүрістен кейін жеңді.
15 жасында осындай нәтижеге жету – ерекше жетістік. Бұл Қазақстан шахматшыларының зор әлеуетін және жас таланттардың өсіп келе жатқан деңгейін айқын көрсетеді.