Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Туризм және спорт министрі гроссмейстер Қазыбек Нөгербекпен кездесті

ҚР Туризм және спорт министрі гроссмейстер Қазыбек Нөгербекпен кездесті
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жуырда Үндістанның Гандинагар қаласында шахматтан өткен юниорлар арасындағыәлем чемпионатында топ жарған шахматшы Қазыбек Нөгербек пен Қазақстан шахмат федерациясының президентін жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл – отандық шахмат спортындағы тарихи оқиғаның бірі. Өйткені 1998 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Дәрмен Сәдуақасов бас жүлдеге ие болған еді. Енді, міне, араға 26 жыл салып тағы бір отандасымыз әлем чемпионатының тұғырына көтерілді. Чемпионатта топ жару жерлесімізге оңайға соқпағаны анық. Соған қарамастан жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен бүкіл командаға алғыс білдіремін», - деді Ермек Маржықпаев.

Туризм және спорт министрі еліміз әлем чемпионын мақтан тұтатынын және біздің спортшылар алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындырып, қазақстандықтарды өз жетістіктерімен қуантатынына сенімді екенін жеткізді.

Айта кетейік, шахматтан 20 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы әлем чемпионаты 2-13 маусым күндері Үндістанның Гандинагар қаласында өткен болатын. Әлемдік біріншілікке 123 шахматшы, оның ішінде 13 гроссмейстер мен халықаралық 28 шебер қатысты.

Әлем чемпионатында Қазыбек Нөгербек 11 раундта 8½ ұпай жинап, жаһандық доданың бас жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ отандасымыз Әлем кубогіне қатысуға жолдама жеңіп алды.

Кездесу соңында ҚР Туризм және спорт басшысы Нөгербекке Мемлекет басшысының құттықтау хатын, министрліктің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ министр Қазыбек Нөгербектің жаттықтырушысы Ержан Жақсылықұлына жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясы мен федерация президенті Тимур Тұрловтың еңбегін ерекше атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Eulah
  • 10-06-2025, 11:04
  • : 11:04
Nicely expressed truly. ! casino en ligne France Thanks, Terrific information. casino en ligne francais Cheers! Plenty of information! casino en ligne Amazing many of great data. casino en ligne You said it very well.! casino en ligne Point nicely applied!. meilleur casino en ligne Nicely put. Thanks. casino en ligne Terrific posts Thank you. meilleur casino en ligne You explained that very well! casino en ligne Really tons of very good knowledge. casino en ligne fiable
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті