Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды

Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының елді мекендерінде мәдени инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осындай маңызды оқиғалардың бірі Балқаш ауданының тұрғындары үшін Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейінің ашылуы болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар және жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен меценаттар қатысты.

– Музей өткен мен бүгінді жалғап, тарихи жадымызды сақтауға қызмет ететін маңызды мәдени орталыққа айналады. Әрбір жәдігер, құжат пен фотосурет Балқаш ауданының бай мұрасын айшықтап, жастар, зерттеушілер мен туристер үшін ерекше құндылыққа ие болады, – деді облыс әкімі.

Тарихи сабақтастық пен мәдени құндылықтарды сақтау қағидаты жаңа Конституцияда да көрініс тапқан. Онда азаматтардың тарихи және мәдени мұраларды қорғауға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті екендігі айқын көрсетілген.

Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданы тұрғындарының әрдайым қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысатынын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы референдумда да аудан тұрғындары өздерінің азаматтық жауапкершілігін танытады. Облыс әкімі ел бірлігі мен ортақ мақсаттардың арқасында Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құруға болатынына сенім білдірді.

Бұған дейін музей бұрын дәріхана орналасқан ғимаратта жұмыс істеген, алайда ол қазіргі талаптарға сай келмейтін. Аумағы 363 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат жергілікті меценаттар Айгерім Исабаева мен Дархан Кәкетайдынның қолдауымен салынды. Музейде өңірдің флорасы мен фаунасына, аудан тарихына, сондай-ақ Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған үш экспозициялық зал бар.

Музей бөлмелерінде жәдігерлерді сақтау үшін қажетті температуралық режим қамтамасыз етілген, ал интерьер экспозиция тақырыптарына сай безендірілген. Қорында екі мыңға жуық экспонат сақталған. Залдар заманауи цифрлық ақпараттық тақталармен, аудио және бейне құрылғылармен жабдықталған.

Музей меңгерушісі Ахмет Басшыбайдың айтуынша, ең құнды жәдігерлердің бірі – 1713 жылы Сауд Арабиясындағы баспаханада басылып шыққан қасиетті Құран кітабы. Сондай-ақ оның өңірге қалай келгені туралы да қызықты дерек бар. 1890 жылы жергілікті байлардың бірі Ташкенттегі жәрмеңкеде осы кітапты көріп, оны алу үшін жүз жылқы беріп, үстіне алтынмен әшекейленген қамшысын қоса сыйлаған. Осылайша бұл бірегей жәдігер Балқаш ауданына жеткізілген.

Ашылу салтанаты өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен және құрметті қонақтардың жылы лебіздерімен жалғасты. Дәстүр бойынша ақсақал бата берді. Меценат Айгерім Исабаева жаңа музей аудан тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды мәдени орталыққа айналатынына сенім білдірді. Салтанатты түрде лента қиылғаннан кейін алғашқы келушілер музей экспозициясымен танысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі