Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.


Сайттағы мәліметтерге қарағанда, кеңеске қатысушылар Қазақстан аумағындағы газ саласында Eurasian Resources Group-тың («Еуразиялық топ» ЖШС) жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарларын, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту жобаларын талқылады.

Сонымен қатар кеңесте ішкі нарықты, әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.


Премьер-Министр өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.

Кеңеске Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «Қазақстан темір жолы», «QazaqGaz» ұлттық компанияларының және ERG компаниясының басшылары қатысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады