Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.
– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайды.

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян еліміздің қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейіл екенін растады. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты