Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЕЭК Кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады

ЕЭК Кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Онлайн форматта Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісімді мақұлдады. Құжат еңбек көші-қоны кезінде ғылыми атақтарды тікелей тануды көздейді, бұл олардың иелеріне Одақтың басқа елдерінде берілген біліктілігіне сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысқа орналасатын мемлекетте сараптама нәтижесі бойынша теріс шешім қабылданбаған болса келісім күшіне енгенге дейін берілген құжаттар да ресми мойындалады. Енді Келісім ратификациялау үшін ЕАЭО елдеріне жолданады, содан кейін құжат күшіне енеді.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің зияткерлік көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Биыл ақпараттық өзара іс-қимылдың базалық сервистерін айқындау, деректер алмасу форматы бойынша ұсыныстар әзірлеу және тиісті құқықтық базаны қалыптастыру жоспарланып отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналысын реттеу қағидаларының жекелеген ережелерін, сондай-ақ техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарын өзектендіру туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, биыл ЕЭК Кеңесіне Қазақстан төрағалық етеді, оны Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді