Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда колледж ұжымы референдумда дауыс береді

Маңғыстауда колледж ұжымы референдумда дауыс береді
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаевтың қатысуымен М. Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжі қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Кездесуге Маңғыстау облыстық коалициясының төрағасы Нұрбек Қарасаев, облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев және облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, адвокатура мәселесі, «Миранда» ережесі, адам құқықтарының жан-жақты қорғалуы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Құрылтайдың маңызы мен 126 мүшеден тұратын Халық кеңесінің құрамы таныстырылды. Басым бағыттардың бірі - әр адамның жеке өміріне қол сұқпау, жеке және отбасы құпиясын сақтау құқығына заңмен кепілдік берілетіні атап өтілді.М. Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Армангүл Мирасова алдағы референдумның маңызына тоқталды.

-Ата Заңымыздағы өзгерістерге байланысты бастаманы қолдаймын, себебі ол еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына зор үлес қосады деп сенемін. Бұл өзгерістердің барлығы халқымыздың, еліміздің мүддесі үшін, жалпы ұлттық және адами құндылықтарымызды сақтау мақсатында жүзеге асырылып жатыр деп есептеймін. Білім саласының қызметкері ретінде болашақ ұрпағымыздың саналы, білімді, жоғары деңгейлі тұлға болып қалыптасуына, еліміздің беделді мемлекет ретінде дамуына тағы бір үлес қосады деп ойлаймын. 15 наурызда қабылданатын референдум еліміздің қоғамдық-саяси дамуына үлкен серпін береді. Бұл өзгерістер барлығымыздың ұлттық мүддемізге, тілімізге және болашағымызға тиімді, ортақ түсіністікке негізделген шешім болады, - деді Армангүл Мирасова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті