Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи қадам деп бағалады

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын  тарихи қадам деп бағалады
Фото: «Ауыл» партиясы

Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылап, еліміздің саяси жаңғыру жолындағы тарихи қадам ретінде бірауыздан қолдау білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz.            

Жиынды ашқан партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев баяндама жасадыОл жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы деп атады.  

«Бұл құжат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтайдың құрылуы партиялық жүйені жандандырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін жаңа деңгейде қорғауға жол ашады. Біз үшін басты байлық - табиғи ресурс емес, білімді, адал әрі бәсекеге қабілетті азамат», - деп атап өтті С. Егізбаев.    

Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша жарыссөздер жүргізіліп, спикерлер өз тұжырымдарын ортаға салды. Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев 145 депутаттан тұратын Құрылтайдың тарихи маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бір палаталы модель бюрократиялық кедергілерді жойып, билік тетіктерінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Партия ардагері Мынаутаубиік Әнесов Ата заңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен «Дін мемлекеттен бөлек» қағидатының нақтылануын жоғары бағалады. 

«Бұл нормалар ұлттық құндылықтарды қорғаудың құқықтық кепілі болмақ»,-деді ол өз сөзінде.      

Түркістан облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов пропорционалды сайлау жүйесі партиялық жауапкершілікті арттыратынын, ал вице-президент лауазымы мемлекеттік басқарудың сабақтастығын қамтамасыз ететінін жеткізді. Саяси кеңес мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Ольга Клишина заң шығару бастамасына ие болатын Халық кеңесінің рөлін ерекше атады. Ол бұл институтты билік пен қоғам арасындағы, әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді «алтын көпір» деп сипаттады.     Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа реформаның халықтық сипатына  тоқталды. Ол Президенттің Конституциялық реформаны жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасын демократияның ең жоғарғы көрінісі деп атады.

«Конституцияның жаңа редакциясында биліктің бірден-бір бастауы халық екені нақты бекітіледі. Референдум арқылы әрбір азамат мемлекет тағдырына тікелей ықпал ететін белсенді қатысушыға айналады. Бұл - билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын әділетті жол», - деді ол. 

Қостанай облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Динара Ахметова әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның сақталуының маңыздылығын атап өтіп, мұны ауыл лидерлері үшін нақты «әлеуметтік лифт» деп бағалады. Жиын соңында «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы мен партияластарға ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге, оны жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жандандыруға және шындыққа жанаспайтын арандатушылық жарияланымдардың жетегінде кетпеуге шақыратын Үндеу қабылдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті