Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО: өңір активі жаңа Конституция жобасын қолдады

БҚО: өңір активі жаңа Конституция жобасын қолдады
Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялы қауым, жоғары оқу орындарының ректорлары, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімдері селекторлық режим арқылы қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы жаңа Конституцияны қабылдау «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыру жолындағы маңызды әрі тарихи қадам екенін ерекше атап өтті.


- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашы болған конституциялық реформа еліміздің болашақ даму бағытын айқындайды. Конституциялық комиссияның жұмысы жария жүргізіліп, нәтижесінде халық назарына түзетулер жобасы ұсынылды. Ендеше ел тағдырындағы елеулі оқиғаға байланысты талқылаулар да терең, байыпты әрі сындарлы болуы маңызды, - деді облыс әкімі.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов заң шығаруға бастамашылық ете алатын жаңа институт - Халық Кеңесінің құрылуы және арнайы заңмен реттелуі азаматтық қоғамның әлеуетін арттыратын батыл бастама екенін жеткізді.


Журналист, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин вице-президентті өз өкілеттігін атқару кезеңінде ешқандай партияда болмауға міндеттеу саяси ұйымдардың тең даму жағдайын қамтамасыз етуге, өзара бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, ҚХП облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев тағдыршешті мәселелерді халықтың талқысынан өткізудегі батыл бетбұрыстарға оң баға беріп, қоғам мүшелерін азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды.


Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің проректоры Жанар Досқазиева алғаш рет азаматтардың жеке деректерінің цифрлық ортада қорғалуын қамтамасыз ету міндеті негізгі құжатқа енгізілгені Ата Заңның уақыт талабына сай өзгергенін айғақтайтынын айтты.


Жиын соңында облыс әкімі жауапты органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, қоғам өкілдерін белсенділік танытуға шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті