Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 2030 жылға дейінгі «Almaty Business» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді

Алматыда 2030 жылға дейінгі «Almaty Business» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының мәслихаты шағын және орта бизнесті жүйелі дамытуға, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге және мегаполистегі инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған «Almaty Business – 2030» жаңа өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекітті.Алдыңғы «Almaty Business» бағдарламасы 2019-2025 жылдар аралығында іске асырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы кезеңде бюджеттен бөлінген 30,6 млрд теңге есебінен жалпы сомасы 56,5 млрд теңге болатын 793 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 25,9 млрд теңге қаражатты қайталама игеру есебінен жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде қалада 6,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңа бағдарлама қала экономикасының басым салаларын қолдауды күшейтуді, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды, қаржыландыру шарттарын жетілдіруді және жаңа инвестициялық тетіктерді енгізуді көздейді.Бағдарламаның әкімшісі ретінде «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ белгіленді. Операторлар — «Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес ұйымдары: «Almaty Finance» ЖШС мен «Almaty» МҚҰ» ЖШС.

«Оң серпінді сақтап, бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында заманауи экономикалық сын-қатерлер мен Алматының стратегиялық даму басымдықтарына бағдарланған «Almaty Business – 2030» жаңа өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекіту ұсынылады», — деді мәслихат сессиясында Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Мәндібаев.

Оның айтуынша, «Almaty Business – 2030» бағдарламасын қабылдау экономикасының басым салаларын қолдауды күшейтуге, әлеуметтік кәсіпкерлікті қаржыландыру құралдарын кеңейтуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Алматы қаласындағы кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бағдарламаны іске асыру қаланың экономикалық әлеуетін нығайтуға және тұрғындарымыздың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам болатынына сенімдімін», — деді Берікбол Мәндібаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті