Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан марихуана мен гашиш тәркіленді

Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан марихуана мен гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында заңсыз есірткі айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдегі ауылдардың бірінің 45 жастағы тұрғыны басқарған автокөлікті тоқтатты. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, оның 48, 39 және 32 жастағы үш ауылдасы болған.

Тексеру және мұқият тінту нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Атап айтқанда, жүргізушіден 1,3 келі марихуана табылса, 48 жастағы жолаушыдан қосымша 4 келі марихуана мен 112 грамм гашиш алынды. Сонымен қатар медициналық сараптама қорытындысына сәйкес көлік ішіндегі барлық төрт азаматтың да есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады