Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстанда кәсіпкерлер Конституция жобасын талқылады

Батыс Қазақстанда кәсіпкерлер Конституция жобасын талқылады
Фото: БҚО әкімдігі

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев өңірдегі іргелі кәсіпорын жетекшілерімен кездесті. Жиналғандар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Облыс әкімі Ата Заңның жаңа нұсқасында жұртшылықтың ұсыныс-пікірі ескерілгенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформа кейінгі жылдары дәйекті түрде жүзеге асырылған саяси өзгерістердің жалғасы. Басты құжаттың жобасын талқылау – заңгерлер мен мамандардың ғана емес, жалпы қоғамның міндеті. Өйткені, мұндағы нормалар мен қағидаттар келер ұрпақтың тағдырына тікелей әсер етеді, - деді аймақ басшысы.

Облыстық мәслихат төрағасы, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалициясының төрағасы Мұрат Мұқаев өзі құрамында болған Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарғанын, басты құжаттың жобасы барлық жағынан жан-жақты сараланғанын айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді күшейтіп, ұзақмерзімді әріптестікке негіз болатын орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты. Ол жергілікті бизнес қауымдастығы бұл жолы да белсенділік танытатынына сенім білдірді.

«КПО Б.В.» компаниясы бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев конституциялық реформа кәсіпкерлікті қолдаудың, инвестициялық климатты жақсартудың негізгі құқықтық кепілі екенін айтып, іргелі еңбек ұжымы жаңа Ата заң жобасын қолдайтынын жеткізді.

«Жайық ет» компаниясының құрылтайшысы Темірғали Ескендіров, «ПСП Серик» ЖШС бас директоры Серік Мерғалиев жаңа құжат бизнес иелеріне зор жауапкершілік жүктейтінін жеткізді. Олардың ойынша еңбекке адалдық, кәсіпке құрмет, елге жанашырлық сияқты құндылықтардың маңызы одан әрі арта түседі.

Кездесуде өңірдегі стратегиялық маңызды коммуналдық кәсіпорын жетекшілері, «Квант», «Оралагрореммаш», «Орал Зенит зауыты», «Орал трансформатор зауыты», «Жайықмұнай», «Кублей», «Пойма май комбинаты» және өзге де ірі компания басшылары болды. Жаңа Конституция әділ бәсекелестікке жол ашатынына, құқықтық тұрақтылыққа кепіл болатынына сенім білдірген бизнес өкілдері маңызды реформаны қолдайтынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті