Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте азот тотығын заңсыз сату дерегі анықталды

Шымкентте азот тотығын заңсыз сату дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте полицейлер ойын-сауық орындарының бірінде азот тотығын заңсыз сату дерегін анықтап, жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары аталған мекемеде келушілерге "күлдіретін газ" ретінде белгілі заттың заңсыз өткізілгенін анықтады. Тексеру кезінде ғимарат ішінен азот тотығы бар баллондар және оны қолдануға арналған көп мөлшердегі пайдаланылған әуе шарлары табылып, тәркіленді. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ойын-сауық орнының иесі полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция ескертеді: азот тотығын заңсыз сату және оны тұтынуға адамдарды тарту заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті