Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда азот тотығының заңсыз айналымы тоқтатылды

Қарағандыда азот тотығының заңсыз айналымы тоқтатылды
Фото: polisia.kz

Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметі жергілікті массаж салондарының бірінде азот тотығын заңсыз өткізу дерегін анықтап, жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Көңіл көтергіш" атауымен белгілі бұл зат соңғы уақытта ойын-сауық мақсатында қолданылып, құзырлы органдар тарапынан ерекше алаңдаушылық туғызуда. Тінту кезінде мекеме иелерінен 10 литрлік екі баллон азот тотығы және оны тұтынуға арналған шарлар тәркіленді. Қарағанды облысының полиция департаменті өңірде есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытында "Заң және тәртіп" қағидаты аясында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі басымдық – есірткі құралдарын өндіру мен таратудың жолын кесу, сондай-ақ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын қатаң бақылау. Осы мақсатта тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, күмәнді нысандар мониторингке алынады, мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимыл күшейтілген.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл түзетулер бақылаусыз пайдалану салдарынан туындайтын қауіптердің алдын алуға бағытталған. Полиция заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттерін қатаң тоқтатылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның басты міндеті, және өңірдегі тұрақтылықты сақтау үшін құқықтық тәртіпті нығайту шаралары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді