Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ азот тотығының заңсыз айналымына тосқауыл қойды

ІІМ азот тотығының заңсыз айналымына тосқауыл қойды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жүйелі жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде тыйым салынған қосылыстардың заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Олардың қатарында түнгі клубтарда кеңінен таралған, "күлкі газы" деп аталатын белгілі азот тотығы да бар. Биылғы жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері бірқатар өңірлерде аталған затпен толтырылған металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау фактілерін анықтап, жолын кесті. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін өнімді жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қосылыспен толтырылған. Тиісті сараптама тағайындалды. ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертрді. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тыйым салынған заттардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті