Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына арналған халықаралық айтыс басталды

Оралда Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына арналған халықаралық айтыс басталды
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оралда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына арналған “Ел үшін туған ер еді...” атты халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шараның ашылу салтанатына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, сөз сөйледі. Облыс әкімі жылдар жүзінде жауапты қызметтерді абыройлы атқарған асқақ тұлғаның мемлекеттік мүдде, халық игілігі жолындағы ерен еңбегі ел есінде сақталатынын айтып, мерейтой аясында мазмұнды да тағылымды іс-шаралар жоспарланғанын жеткізді.

Айтыс аламанының тізгінін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай ұстады. Бекзат өнердің бәсекесінде бақ сынаушылар қатарында Қырғыз елінен келген Арген Биймырзауулы, шымкенттік Нұрлан Есенқұлов, павлодарлық Аспанбек Шұғатай, жамбылдық Алтынкүл Қасымбекова, қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан, қарағандылық Тілеген Әділов, ақтөбелік Аруна Керімбек және Жансая Мусина бастаған батысқазақстандық ақындар бар.

Қатысушылардың өнерін айтыс көшін алға сүйреп келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған қарымды қаламгерлер, танымал ақындар Ғалым Жайлыбай, Өміржан Көпбосын, Дариға Мұштанова, Ғайсағали Сейтақ, Бауыржан Халиолла сынды қазылар алқасы бағалайды.

Ақындардың алғашқы жұбы Мұстақым Біләлұлының азаматтық болмысы мен қайраткерлік қырын, ел басқару ісіндегі өлшеусіз еңбегін жырға қосып, тұлғаның ғибратты ғұмырын ұрпаққа үлгі етті. Айтыс кешке дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті