Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада туристік полиция заңсыз дрон ұшырмақ болған шетел азаматтарын ұстады

Астанада туристік полиция заңсыз дрон ұшырмақ болған шетел азаматтарын ұстады
Фото: polisia.kz

Астана қаласында туристік полиция заңсыз дрон ұшырмақ болған шетел азаматтарын ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және туристер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан күнделікті патрульдеу барысында туристік полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын заңсыз ұшыру әрекетінің жолын кесті. Оқиға елордадағы танымал туристік орындардың бірінде тіркелді. Патрульдеу кезінде туристік полиция қызметкерлері шетелдік төрт азаматтың дронды ұшыруға дайындалып жатқанын анықтаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қала аумағында, әсіресе адамдар көп шоғырланған жерлерде арнайы рұқсатсыз дрон ұшыруға тыйым салынған. 

Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының көкке көтерілуіне жол бермеді. Тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында дрон пайдалану тәртібі мен қолданыстағы шектеулер туралы толық ақпараттан хабарсыз болғаны белгілі болды. Туристік полиция қызметкерлері профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әуе қауіпсіздігі талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және жергілікті заңнаманы құрметтеудің маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндірді. Нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берілмей, жағдай бейбіт түрде реттелді. Өз кезегінде шетелдік туристер полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне, сыпайылығы мен түсіністік танытқанына алғыс білдірді. Полиция қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып, туристерді Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті