Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Астана көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада "Заң және тәртіп" қағидаты аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қала көшелері мен тас жолдарындағы апат деңгейін төмендетуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында полиция тарапынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына қатысты бақылау күшейтіледі. Мас күйінде көлік басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту секілді өрескел құқық бұзушылықтар анықталады. Сондай-ақ апат жиі болатын қауіпті учаскелерде рейдтік тексерулер жүргізіліп, бейнебақылау камералары мен мобильді құқық бұзушылықтарды тіркеу кешендерін қоса алғанда, техникалық бақылау құралдары қолданылады.

Қосымша патрульдік және жол-патрульдік полиция жасақтары жолдарда күшейтілген қызмет атқаруда. Елорда полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті