Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет инфляцияны тежеу жөніндегі шараларды күшейтеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет инфляцияны тежеу жөніндегі шараларды күшейтеді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар кешенін қабылдайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағаларды тұрақтандыру үшін осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері өскен кездегі тигізетін ықпалы қатаң қадағаланбақ. Ол инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады.

Одан бөлек вице-премьердің ақпараты бойынша, бизнеске қолайлы болуы үшін және Салық кодексін тиімді енгізу мақсатында Жобалық кеңсесі құрылған. Бұл консультациялар мен сүйемелдеу үшін бірыңғай терезе болады. Түсіндіру жұмыстары 130 мың кәсіпкерді қамтыды, пікірлер мен ұсыныстарды есепке алу үшін конструктивті диалог жолға қойылды.

Жоспарланған шаралар халқтың әл-ауқатының артуымен қатар жүретін одан әрі орнықты және сапалы өсу үшін негіз жасайды. Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалатын болады, — деп атап өтті вице-премьер.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті