Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер астаналықтарға вакцинацияны уақытылы алудың маңызын ескертті

Елордалық дәрігерлер астаналықтарға вакцинацияны уақытылы алудың маңызын ескертті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Қазіргі уақытта вакцинация көптеген аурудың таралуына қарсы күрестегі ең тиімді шаралардың бірі болып отыр. Уақытында салынбаған екпе түрлі салдарға және артық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Елордадағы жоспарлы екпе науқаны туралы қалалық №2 емхананың педиатр-дәрігерлері баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде әртүрлі себеппен балаларына екпе салдырудан бас тартатын ата-аналар да кездеседі.

«Тәжірибемде бір жағдай болды: 18 жастағы жігіт шетелдік жоғары оқу орнына түсуге дайындалып, емханаға жүгінді. Алайда ол өмірінде бірде-бір вакцина алмаған, тіпті перзентханада салынатын БЦЖ екпесі де жасалмапты. Құжат тапсыру кезінде екпелер тізімі қажет болған соң бізден көмек сұрады. Бірақ ол кәмелет жасына толғандықтан, көмектесе алмадық. Вакцина алған адам қорғалған болады. Ал екпе салынбаған науқастарда жұқпалы ауру кезінде асқынулар жиі болып, өкпе қабынуына ұласуы мүмкін, өкінішке қарай, өлім жағдайлары да кездеседі. Сонымен қатар мектептерде біздің мамандар жасөспірім қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация жүргізіп жатыр. Бас тарту жағдайлары әзірге тіркелген жоқ. Осы орайда ата-аналарға мынаны ескерткім келеді: бүгінде екпе паспорты жоқ балалар балабақшаға қабылданбайды», – деді №2 қалалық емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Алтынгүл Жүрсінова.

Балаларды екпеге дайындау барысында мейірбикелерге маңызды әрі жауапты міндет жүктеледі. Олар ата-аналарға қоңырау шалып, балаларымен бірге екпе алуға шақырады.

«Бала дүниеге келген сәттен бастап анасымен жұмыс жүргіземіз, әңгімелесеміз, патронажға барамыз. Арадағы сенім қалыптасады. Барлық сұраққа ашық әрі нақты жауап беремін. Көпшілігі дәрігердің сөзіне сену керек екенін түсінеді. Алайда кейде діни немесе басқа себептермен баласына екпе салдырғысы келмейтін ата-аналар да кездеседі. Ондай жағдайда біз мәжбүрлемейміз, бірақ салдары туралы ескертеміз», – деді учаскелік мейірбике Асылгүл Арғымбаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті