Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да аурухананы жөндеуге қайтарылған активтер қаражатынан 1,3 млрд теңге бөлінді

СҚО-да аурухананы жөндеуге қайтарылған активтер қаражатынан 1,3 млрд теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүгізуде, соның ішінде елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта техникалық базаны және инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында зерттеулерді тікелей аудан орталығында жүргізу үшін МРТ аппаратына және заманауи клиникалық-диагностикалық зертханаға арналған мамандандырылған үй-жайлар ашу қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, халықаралық триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлмесін ұйымдастырылмақ. Жобаға сәйкес онда персоналдың жедел мониторинг жүргізу үшін кедергісіз кіру мүмкіндігі бар реанимациялық төсектер орналастырылатын болады. Бұл медициналық араласудың жеделдігін және медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде медициналық мекеме шұғыл және жоспарлы көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес келтірілмек.

ҚР Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік және коммуналдық нысандарға, оның ішінде 183 медициналық мекемеге қатысты жобаларды жүзеге асыруға 482 млрд теңге бөлінген. Бірқатар жобалар «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» бағдарламасы аясында қамтылған. Мәселен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын, көпсалалы ауруханаларды, мамандандырылған медициналық орталықтарды, шұғыл медициналық көмек инфрақұрылымдарын салу және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады