Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

МӘМС тізімі кеңейеді: 2026 жылдан бастап қандай аурулар тегін емделеді

МӘМС тізімі кеңейеді: 2026 жылдан бастап қандай аурулар тегін емделеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті кеңейтіліп, бірқатар созылмалы ауру түрі осы жүйе аясында көрсетілетін медициналық көмектің қатарына енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, қант диабеті, балаларға тән сал ауруы, ревматизм және дәнекер тіндердің жүйелік зақымданулары МӘМС аясында қаржыландырылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар 11 ауру тобы бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі. Олардың қатарына туберкулез, АИТВ, қатерлі ісіктер, вирустық гепатиттердің созылмалы түрлері мен бауыр циррозы, психикалық бұзылыстар, орфандық аурулар, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші аурулары, эпилепсия, жедел миокард инфаркті (алғашқы алты ай), инсульт (бір жыл ішінде) жатады.

Барлық сақтандырылған азамат бұрынғыдай МӘМС аясында ем қабылдап, дәрігер кеңесін алып, қажетті дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда 12 миллионнан астам азамат жеңілдік санатына кіреді және олар үшін сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді. Бұдан бөлек, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап дағдарыстық жағдайдағы шамамен 1 миллион азамат жергілікті атқарушы органдардың есебінен сақтандырылатын болады.

Азаматтар өздерінің «D» немесе «E» санатына жататынын білу үшін тіркелген емханаға жүгінуіне болады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға тегін зертханалық талдаулар, диагностика, дәрігерлердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері қолжетімді.

Сақтандыру мәртебесін келесі құралдар арқылы тексеруге болады:
• Telegram-дағы SaqtandyryBot;
• Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты;
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
eGov.kz порталы немесе eGov mobile қосымшасы;
• сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді