Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді

Жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік осал топ өкілдері үшін жағымды жаңалық. Биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында бірқатар өзгеріс күшіне енді. Соның нәтижесінде жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін 1,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыру жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлеу қажеттігін атап өткен болатын. Президент тапсырмасынан кейін МӘМС жүйесі аясында тиісті заңнамалық өзгерістер енгізілді.

Заңдағы жаңашылдықтардың арқасында 2026 жылы елімізде 1 миллионға жуық адам МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап МӘМС жүйесіне әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) 11 нозологияны қамтитын жаңартылған тізбесі енгізілді. Соған қарамастан, медициналық көмектің қолжетімділігі мен көлемі бұрынғыдай сақталады.

18 жасқа толғаннан кейін де мемлекет мүгедектігі бар азаматтар үшін сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады. Сондай-ақ жұмыссыз және әлеуметтік осал азаматтар — МӘМС жүйесіндегі D және E санаттары толықтай сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов өңірде бұл бағытта қомақты қаражат қарастырылғанын айтты.

«Диспансерлік есепте тұрған осы санаттағы азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін облыста 2,6 млрд теңге бөлінді. Қосымша түрде жұмыссыз азаматтар үшін 1,2 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді ол.

Мамандардың айтуынша, диагностика, консультациялар, емдеу және оңалту қызметтері қысқартылмайды әрі тоқтатылмайды. Барлық медициналық қызметтер МӘМС жүйесі аясында толық көлемде көрсетіле береді.

Халықты сақтандыру жүйесімен қамтуды оңтайландыру мақсатында жарналар мен аударымдардың ең жоғарғы шегі де өзгертілді. Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспайтын табыстан, ал қызметкерлер 20 ЕТЖ-ға дейінгі сомадан аударатын болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облыстық филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев өңірдегі нақты көрсеткіштерге тоқталды.

«Бүгінде Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 645 171 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде “сақтандырылған” мәртебесі бар азаматтар саны 1 343 718 адамды құрайды», – деді ол.

Ал Қарасай ауданы бойынша МӘМС жүйесінің жауапты координаторы Гүлнара Жайсанбаеваның айтуынша, бір ғана ауданда 309 557 адам сақтандыру мәртебесіне ие.

«2025 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде Қарасай ауданында 10 089 азамат МӘМС жүйесіне тіркелді», – дейді ол.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында медициналық ұйымдардың call-орталықтарының жұмысы күшейтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті