Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады
Фото: бейнескриншот inform.kz

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларының қаупі сақталып отыр. Солардың бірі Шахтинск қаласынан шығар жолда тіркелді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

12 қаңтар күні жолаушылар автобусы Шахтинск қаласынан шыға берісте боран мен көктайғақ салдарынан жол апатына ұшырады. Қарлы боран мен тайғақ жолда жүргізуші көлікті игере алмай, автобус жолдың жиегіне шығып кеткен.

Оқиға кезінде көлік салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Полиция өкілдері өңір аумағында ауа райының әлі де қолайсыз екенін ескертеді. Боран, екпінді жел және көктайғақ республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендерге жақын аумақтарда қозғалысты қиындатып отыр.

Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану, күрт бұрылудан бас тарту және алыс сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру ұсынылады. Ведомство атап өткендей, жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы маңындағы тасжолда болған жол-көлік оқиғасында Үндістаннан келген студенттердің қаза тапқаны хабарланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады