Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде жұмысшылар мінген автобус жол апатына түсті

"Самара – Шымкент" тас жолының Хромтау ауданы тұсында 52 жолаушысы бар автобус аударылды. Жол апатынан зардап шеккен екі жолаушының жағдайы ауыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 13 қазан күні республикалық маңызы бар трассада сағат 09:00 шамасында тіркелген. Елуден аса жолаушысы бар автобус "Самара – Шымкент" тас жолының 780 шақырымында аударылған.

"Хромтау қаласынан 30 шақырым жерде "Setra" маркалы автобусының жол апатына түскені хабарланды",– дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
 
Оқиға орнына 101 қызметінен 22 қызметкер мен 4 техника, медициналық апат мамандары және полиция қызметкерлері барды. Жол апатынан зардап шеккен жолаушылар Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. "Бізге 34 адам жеткізілді. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 1962 жылғы ер адам мен 1961 жылғы жолаушының жағдайлары ауыр деп бағаланады. 12 жолаушы емдеу бөлімінде жатыр", – дейді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненко.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус салонында 50-ден аса жолаушы болған. Апат кезінде олардан 14 адам зардап шекті, қаза тапқандар жоқ. "Автобус жүргізушісі автобусты сол жақ кюветке аударып алған. Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы ауысымға бара жатқан күзет агенттіктерінің бірінің қызметкерлері ", – дейді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді