Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында өткен жылы 450 келіден астам есірткі құралы тәркіленді

Павлодар облысында өткен жылы 450 келіден астам есірткі құралы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында өткен жылы 450 келіден астам есірткі құралы тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нашақорлық және есірткі құралдарының заңсыз айналымы – бүкіл әлемдік қауымдастықтың ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл құбылыс оны шешу және алдын алу мақсатында мемлекет тарапынан жүйелі әрі белсенді шаралар қабылдауды талап етеді.

- Облыстағы есірткінің заңсыз айналымы саласындағы ағымдағы ахуал мен оның дамуына әсер ететін факторларды талдау Павлодар облысында соңғы жылдары наркологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілгенін көрсетеді. 2025 жылдың басынан бері өңірде есірткіге байланысты 241 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 133-і есірткі қылмысы. Атап айтқанда, 116 дерек – есірткі заттарын сату, 7 дерек – аса ірі мөлшерде сақтау фактілері, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымға шамамен 455 келі есірткі құралдарының түсуіне жол берілмеді. Сонымен қатар есірткі құралдары мен психотроптық заттарды таратуға пайдаланылатын интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді. "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесінде есірткі жарнамасы бар материалдар бұғатталды, "Антифрод" жүйесіне 1023 банк картасы бұғаттау үшін енгізілді. 2025 жылы есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 72 азамат ұсталды, олардың 66-на қатысты бұлтартпау шарасы орындалды. Сонымен қатар 4 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жедел қызметкерлердің күшімен өңір аумағына есірткі жеткізудің 12 арнасының жолы кесіліп, 3 интернет-есірткі дүкенінің қызметі тоқтатылды. Жалпы, есірткі қылмысына қарсы күрес жұмысы жалғасуда. Жаңа технологиялар енгізілуде, алдын алу шараларына еріктілер тартылып, олар есірткінің қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Халық арасында есірткінің салдары, оны заңсыз айналымға тартудың жауапкершілігі және оның адам денсаулығына тигізетін зияны туралы хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған превентивтік іс-шаралар іске асырылып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті