Абай облысында заңсыз айналымнан 415 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Нашақорлық пен оған қатысты құқық бұзушылықтар қоғам қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына төнген өзекті қауіптердің бірі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Алиман Бегешханов айтты. Абай облысы бойынша биыл заңсыз есірткі айналымы саласында 185 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 85-і ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.
Сондай-ақ Бегешханов 1 маусым мен 31 қазан аралығында облыс аумағында есірткі өсіру мен таратудың алдын алу мақсатында "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.