Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

700-ден астам астаналық жаңажылдық жүгіріске қатысты

700-ден астам астаналық жаңажылдық жүгіріске қатысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Жексенбінің таңында қала тұрғындары Триатлон саябағында 5 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.   Бұқаралық спорттың арасында танымалдылыққа ие жүгіруден 2025 жылдың қорытынды жүгірісі ұйымдастырылды. Сынап бағанасы -20 градусты көрсетсе де, 700-ден астам адам қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астанадағы спорт – жетістіктер мен медальдар ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың денсаулығы, өмір сапасы және елдің абыройы.  Соның ішінде жүгіру – қолжетімді әрі мезгіл таңдамайтын спорт. Оған бүгінгі жаңажылдық спорттық іс-шарамызға келген азаматтарымыз дәлел. Салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға алғысымызды айтамыз», - деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

2025 жылдың көрсеткіші бойынша елордада тұрақты түрде спортпен айналысатын халықтың саны 42%-ды құрайды (670 мыңнан астам адам). Биыл 877 бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізіліп, 1 миллионға жуық тұрғын қамтылған. Жүгіріске жиналған қатысушылардың ең жасы 8-де және ең егдесі 92 жаста болды.

«Бүгін менің туған күнім. 92 жасқа толып жатырмын. Осындай айтулы сәтте Астана қаласының жаңажылдық жүгірісіне қатысуға бел байладым. 5 шақырымды 45 минутта жүгірдім. Бұған дейін Almaty және Turkistan marathon-ында 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 40 минутта бағындырған едім. Кейінгі жылдары басым солқылдап ауыратындықтан, 88 жасымда скандинавиялық жүріске бет бұрдым. Барлық жастарға көлікпен жүруді азайтып, күнделікті кемінде 5 шақырым жүруге кеңес беремін. Әйтпесе отыра беріп, денсаулықтарыңызды құртасыздар. Спортты көріп қана қоймай, өз іс-әрекеттеріңізбен айналаңызды өзгертуге тырысыңыздар. Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!» - деді 92 жастағы Салиха Зигангерова.

Іс-шара соңында қатысушыларға ыстық шай мен арнайы жаңажылдық сыйлық беріліп, олар лотерея арқылы теледидар, тоңазытқыш секілді тұрмыстық техникаларға ие болды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті