Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында тәртіп сақшысы түтінге тұншыққан бала мен зейнеткерді құтқарды

Қарағанды облысында тәртіп сақшысы түтінге тұншыққан бала мен зейнеткерді құтқарды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында тәртіп сақшысы түтінге тұншыққан бала мен зейнеткерді құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы Саран қаласында адам өмірін арашалап қалған нағыз ерлік сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел басқару орталығының камералары Дамир Оразалиннің түтінге тұншығып жатқан үйден кішкентай бала мен сал ауруына шалдыққан зейнеткерді құтқарған сәттерін тіркеген. Оқиға кешкі уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Балкондағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт тұтанып, қою түтін бүкіл подъезді жайлаған. Сол сәтте демалыста жүрген полиция қызметкері Дамир Оразалин досы Николай Тарасовпен бірге жақын маңда серуендеп жүріп, қауіпті жағдайды байқап қалады. Еш ойланбастан олар үйге қарай жүгіріп, тұрғындарды құтқаруға кіріседі. Қауіп туралы ескерту үшін бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелерін қағып, адамдарды тез арада сыртқа шығуға шақырған. Подъездің есігі ашылған бойда Оразалин тұрғындарды эвакуациялауды өзі қолына алған.

Бейнекадрларда полиция қызметкерінің алдымен кішкентай баланы қауіпсіз жерге алып шығып, кейін қайта кіріп, сал ауруына шалдыққан әжейді қолына көтеріп сыртқа алып шыққаны анық көрінеді. Ал оның досы Николай өрт шыққан пәтердің иесімен бірге терезелерді сындырып, өрт ошағына қар лақтырып, жалынның одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысқан. Полиция қызметкері мен оның досының шұғыл, батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптың алдын алып, адам шығынына жол берілген жоқ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті