Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруға міндетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған талапқа байланысты жұмыс берушілерге enbek.kz порталы арқылы хабарламалар жолданды.
Осыған орай, барлық жұмыс берушілерді жыл соңына дейін қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға шақырамыз. Себебі 2026 жылдың алғашқы айларында аталған сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындарға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзу, яғни сақтандыру шартын жасаспау мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге, тиісінше айыппұл мөлшері 4 325 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Қызметкерлерді уақытылы сақтандыру — бұл тек еңбек заңнамасының талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік екенін атап өткен жөн.
Міндетті сақтандыру шартын уақтылы рәсімдеу:
еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
қызметкерлердің құқықтарын қорғайды;
жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілік тәуекелдерін төмендетеді.
Осыған байланысты жұмыс берушілерді талаптарды ескеріп, сақтандыру шарттарын уақытылы рәсімдеуге шақырамыз.
Сақтандыру шарты жасалған кәсіпорын жұмыскерінің сақтандыру компаниясынан алатын көмегі
КӨМЕК АЛУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (мысал ретінде) | |
Аты-жөні | |
Туған күні/жасы | 23.07.1992 жыл/33 |
Жынысы | Ер |
Мамандығы | Жүк тасушы |
Отбасылық жағдайы | Үйленген |
Шарт жасасу себебі (қайтыс болуы/кәсіби еңбек ету қабілетінің жоғалтуы) |
|
Аннуитеттік төлемдер кезеңі: 01.11.2024 – 23.07.2025 жыл аралығы;
Орташа жалақы: 120 470,9 теңге;
Сақтандыру төлемі: (66 259 * 1,07) = 70 897 теңге. (инфляцияның өсуіне 2024 жылғы индекстеу);
Сақтандыру төлемі: 70 897 – 24 189 = 46 708 теңге;
Аннуитет факторы (индекстеуді ескере отырып есептеледі) = 330,87 (инфляцияның өсуіне 2024 жылғы индекстеу);
Сақтандыру сыйлықақысы: 46 708 * 330,87 = 15 454 276 теңге.