Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да балаларды уақытша орналастыруға арналған жаңа орталық ашылды

СҚО-да балаларды уақытша орналастыруға арналған жаңа орталық ашылды
Фото: polisia.kz

СҚО-да балаларды уақытша орналастыруға арналған жаңа орталық ашылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы өз жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, сондай-ақ педагогтер мен сала өкілдері қатысты. Бұған дейін аталған орталық қала сыртында, Қызылжар ауданында орналасқан болатын. Бұл, әсіресе түнгі уақыттарда және демалыс күндері балаларды шұғыл орналастыру кезінде белгілі бір қиындықтар туғызған. Қазіргі таңда бейімдеу орталығы Петропавл қаласының орталық бөлігінде — полиция басқармасының ғимаратына жақын, Абай көшесінде, Kozybayev University оқу корпустары мен студенттік жатақханаларының маңында орналасып отыр.Жаңа орталықта 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған 30 орындық жеке бөлмелер жабдықталған. Мұнда тәрбиеленушілердің қауіпсіз әрі жайлы жағдайда тұруына, демалуына, бос уақытын тиімді өткізуіне, сондай-ақ медициналық және психологиялық көмек алуына барлық қажетті жағдай жасалған.Жыл басынан бері Петропавл қаласының полицейлері жоғалған балалар мен жасөспірімдерді іздеу бойынша 79 рет жедел шараларға жұмылдырылған. Әрбір осындай хабарлама дереу әрекет етуді талап етеді. Қала аумағында орналасқан бейімдеу орталығы ювеналдық полиция қызметкерлері мен педагогтер үшін төтенше жағдайларда маңызды қолдау тетігіне айналып отыр.    

Бұл орталық қиын өмірлік жағдайға тап болып, мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларды олардың алдағы тағдыры анықталғанға дейін уақытша орналастыруға арналған. Осы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қамқорлық пен толыққанды дамуына қажетті жағдай жасау - басты міндет, - деп атап өтті облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Салтанатты шара соңында өңір басшысы орталықтың қажеттіліктері үшін пайдаланылатын жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті