Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жөндеу кезінде уақытша басқа орталыққа көшіріледі

Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жөндеу кезінде уақытша басқа орталыққа көшіріледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Бағанашыл шағынауданында орналасқан №2 Балаларды қолдау орталығының ғимаратына толықтай қайта жаңғырту жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары кезінде тәрбиеленушілер уақытша №1 мектеп-интернатына көшіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта орталықта 100 бала тәрбиеленіп жатыр, олардың 13-і мектепке дейінгі, 87-сі мектеп жасындағы балалар. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында балаларды облысқа көшіру мәселесі талқыланған болатын. Алайда барлық тәрбиеленушілер Алматыда қалатыны туралы шешім қабылданды.

Азамат Қалдыбековтың айтуынша, Президенттің тапсырмасы аясында орталық ғимараты толық жөндеуден өтеді.

«Интегра» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік аясында бұл жобаны өз қаражаты есебінен жүзеге асырады және балаларды көшіруге дайын», – деді әкімнің орынбасары.

Балаларды орналастыру мәселесі қалалық Білім басқармасының бақылауында. Басқарма басшысы Сайран Сайфеденовтың айтуынша, орталықты жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, ол қазіргі аумақта жаңа ғимарат салуды көздейді.

«Қазір балаларды №1 мектеп-интернатына көшіру мәселесі шешілді. Бұл нысан да Білім басқармасының қарамағында. Екі апта бұрын онда «Жанұя» кешенінің 90-нан астам баласы тұрған еді. Балалардың иелігіне 1100 шаршы метр, 18 бөлме беріледі. Ғимаратта жеңіл жөндеу жұмысы жүргізілді. Аптаның соңына қарай балалар көшірілген соң құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарына кіріседі», – деді Сайран Сайфеденов.

Қазір қалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 8 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді. Онда 2668 оқушы (оның 1794-і интернатта, 874-і үйде оқиды) білім алуда. Сонымен қатар, өмірінде қиындық болып жатқан балаларға көмек көрсететін 4 мекеме бар. Бұл ұйымдарда 446 бала тәрбиеленіп жатыр.

Айта кетейік, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматыда BI Group құрылыс компаниясының қаражаты есебінен (6 млрд теңге) жаңа «Жанұя» кешені ашылды. Бұл жоба – әлеуметтік бағыттағы мәселелерді шешуде мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігіне үлгі болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті