Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда заманауи өнер орталығы ашылды

Түркістанда заманауи өнер орталығы ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республика күні Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Өнер орталығы ашылды.Салтанатты ашылу шарасына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы тұрғындарды жаңа Өнер орталығының ашылуымен құттықтап, жаңа нысанның жас ұрпақтың шығармашылығын дамытуына, өнер мен білімге деген қызығушылығын арттыруға серпін беретін маңызды мәдени кеңістік екенін атап өтті.К.Байсеитов көшесінде орналасқан нысанға биыл маусым айында мердігер мекеме мен тапсырыс беруші арасында келісімшарт жасалып, үш ай ішінде орталықта ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қысқа мерзім ішінде толық жаңартылған ғимарат қазіргі заман талаптарына сай безендіріліп, пайдалануға берілді.Өнер орталығында 36 түрлі үйірме жұмыс істейді. Олардың қатарында робототехника, ағылшын тілі, Ясауитану, би, қолөнер және өзге де бағыттар бар. Жалпы 1460 бала үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді.Бүгінде Түркістан қаласында 6 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бүгін жаңа ғимаратқа ие болып отырған қос мекемемен қатар «Оқушылар сарайы», «Ақжайық» музыка мектебі, Балалар саз мектебі және «Қолөнер мектебі» де балаларды қосымша білім беруге қамтып, түрлі үйірмелерді жүргізіп келеді. Аталған білім беру мекемелеріндегі 60-тан астам үйірмеде 3429 бала қосымша білім берумен қамтылған. Сонымен қатар 50000-ға тарта оқушылар мектептегі үйірмелерге қатысады. Бұл қаладғы жалпы оқушылардың 85,7 пайызын құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті