Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда ойын-сауық орындарынан полицияға мыңға жуық шақырту түсті

Петропавлда ойын-сауық орындарынан полицияға мыңға жуық шақырту түсті
Фото: Polisia.kz

Петропавлда ойын-сауық орындарынан полицияға мыңға жуық шақырту түсті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі жұмыс режимі, адамдардың жаппай жиналуы және алкогольдік ішімдіктер ойын-сауық орындарында криминогендік жағдай қалыптастырып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Қаңтар айынан бері Петропавл қаласында "102" арнасына кафе мен барлардың қызметіне қатысты 922 хабарлама түскен. Қабылданған шаралар нәтижесінде 37 қылмыстық іс қозғалды: оның 16-сы – жеке адамға қарсы, 11-і – мүлікке қатысты, 10-ы – қоғамдық тәртіпке қол сұғу деректері бойынша. Мәселені шешудің ықтимал жолдары туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов баяндады. 

Қазіргі уақытта алдын алу шараларының кешені жүзеге асырылуда. Демалыс және мереке күндері рейдтік іс-шаралар мен жедел-профилактикалық тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі. Автопатрульдер, жедел әрекет ететін арнайы жасақ қызметкерлері және учаскелік инспекторлар жұмылдырылады. Сонымен қатар Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында кешенді көзқарас қажет. Қылмыстың алдын алудың тиімді тетігі ретінде ойын-сауық орындарының жұмыс уақытын шектеу, қауіпсіздік бойынша бірыңғай стандарттарды енгізу, алкоголь өнімдерін сату қағидаларын бұзған нысандардың қызметін тоқтата тұру ұсынылды. Сондай-ақ бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау жүйелерін қолдану айтарлықтай нәтиже беруі мүмкін.

Комиссия отырысында екінші мәселе ретінде жол қауіпсіздігі қаралды. Полиция профилактикалық жұмысты күшейтуде: қаңтар айынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 207 мың дерегі анықталды, 1093 мас жүргізуші ұсталды, оның 42-сі – қайталап құқық бұзғандар. Барлық жол-көлік оқиғасының шамамен 90 пайызы жүргізушілер тәртібінің төмендігінен болған. Осыған байланысты құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін стационарлық және мобильді жүйелерді кеңінен қолдану қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге алдын алу жұмысының жаңа тәсілдерін іздеу маңызды. Биыл Петропавл қаласының мектептерінде оқушылардың міндетті түрде жарық шағылыстыратын элементтер тағуын көздейтін "Қауіпсіздікке жарқын қадам" жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда жобаға №2, 9, 23, 29 мектептер және "БЭСТ" гимназиясы қатысуда. Бұл бастаманың маңыздылығы – оқушылардың мектепке барар және қайтар жолда жүргізушілерге жақсы көрінуімен ғана емес, жол-көлік оқиғалары мәселесіне бүкіл қоғамның назарын аударуымен де бағалы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті