Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 15,2%-ға артты

Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 15,2%-ға артты
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі екінші тоқсанның қорытынысы бойынша 566,3 млрд. теңгені құрап, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артты. Жалпы, биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес өңірде 63 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, яғни 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға ұлғайған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуімен қатар салықтық түсімдер көлемі де артуда. Осы жылдың 1 қарашасына бюджетке түскен салық түсімдері 57,1 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға жоғары. Аталған динамика салық базасының кеңейгенін және сектордың қаржылық тұрақтылығының артқанын көрсетеді.

Сондай-ақ осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес секторында 107,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға жоғары.

- Шағын бизнесті ынталандыру және ірілендіру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдауға 5,9 млрд. теңге бағытталып, жалпы 8,2 млрд. теңгені құрайтын 111 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар кәсіпкерліктің тұрақтылығын арттыру мақсатында 2025 жылы сервистік қолдауға жергілікті бюджеттен 31 млн. теңге бөлініп, 1 011 кеңес берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және тұрақты бақылауда болады, - деді басқарма басшысы Серік Сәбетайұлы.

Сол сияқты «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биылғы 22 желтоқсанға дейін жалпы 1,8 млрд. теңгеге 246 өтінім мақұлданған. Нақты 1,2 млрд. теңгеге 171 микрокредит мал шаруашылығы саласына және өзге де бизнес түрлеріне берілді. Биылғы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлінді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті