Қызылорда облысында тұрғынды бопсалаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kzсайтына сілтеме жасап.
Күдікті әлеуметтік желіде жәбірленушінің қызметі туралы жалған мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан аса ірі мөлшерде қаражат бопсалаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының заңнамасында бопсалау қылмысы үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстың мән-жайына байланысты кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, жеті жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.Бүгін, 09:00
Қызылорда облысында тұрғынды бопсалаған күдікті анықталды
Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз