Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да жаңа жылдық шыршалардың заңды сатылуы тексерілуде

СҚО-да жаңа жылдық шыршалардың заңды сатылуы тексерілуде
Фото: Polisia.kz

СҚО-да сатылып жатқан жаңа жылдық шыршалардың заңдылығын тексеру рейдтері жүргізілуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен әкімдік өкілдері журналистер мен қоғам белсенділерімен бірлесіп Петропавл қаласындағы жаңа жылдық шыршалар сатылатын нүктелерге рейд ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және заңнама талаптарының орындалуын бақылау.

Облыс орталығындағы шырша сататын барлық нүктелер тексерілді. Құжаттары талапқа сай барлық сатушылар анықталса да, Украинская және Н.Назарбаев көшелерінде екі азамат белгіленбеген орындарда сауда жасаған. Айта кету керек, бұл тыйым тек шырша саудасына ғана қатысты емес: жыл басынан бері 1200-ден астам адам осындай құқық бұзушылыққа жол берген, олардың 52-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қалғандарына ескерту берілген.

"Шырша" жедел-профилактикалық іс-шарасы 15 желтоқсаннан басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Сонымен қатар рейдтер орман алқаптары мен елді мекендер аумағында да жүргізілуде. Бұл шаралардың басты мақсаты — өңірдің орман қорын заңсыз кесуден қорғау.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді