Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Шырша» операциясы: Абай облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылар анықталды

«Шырша» операциясы: Абай облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылар анықталды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылар анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында Абай облысында өңірдің жасыл байлығын қорғауға бағытталған «Шырша» жедел алдын алу шарасы басталды. Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау мекемелерімен бірлесіп, қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау және сату фактілерін анықтау жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Үш күнде 34 рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында анықталған кейбір алаңдатарлық жайттар анықталды. Семей қаласы маңында төрт қарағайды заңсыз кескен азамат ұсталды. Рейд кезінде орман алқабында дөңгелек ағаш кесінділері табылды.

Облыс орталығында жасыл желектерді зақымдағаны үшін үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар саябақтағы шыршаның бұтақтарын сындырып, табиғатқа залал келтірген.

Аягөзде патрульдік полиция табиғатты қорғау бөлімімен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысынан заңсыз кесілген қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтары тиелген жүк көлігін ұстады. Материалдар әрі қарай қарауға жіберілді.

Полиция қызметкерлері қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің экологияға орасан зор зиян келтіретінін және мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Жаңа жыл қарсаңында табиғатқа қамқорлық танытып, оны келешек ұрпақ үшін сақтауға шақырамыз. Әрқайсымыздың саналы әрекетіміз жасыл орманымыздың болашағын қамтамасыз етеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты