Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарасай ауданында үш медициналық нысан қолданысқа беріледі

Қарасай ауданында үш медициналық нысан қолданысқа беріледі
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының ауылдық елді мекендерінде денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалып келеді. Ауыл халқының денсаулығын жақсарту мақсатында кешенді шаралар қабылдануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл – ел қажетіне сай жасалып отырған жақсы бастама.

Өңірде бірнеше медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірқатары Қарасай ауданына тиесілі.

Халық игілігі үшін салынып жатқан ғимараттардың бірі – Қарасай ауданының Үштерек ауылында бой көтеруде. Су жаңа дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады.

Тапсырыс беруші – «Алматы облысы құрылыс басқармасы» ММ, ал мердігер – «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС. Аталған ұйымдар құрылыс жұмыстарына бірлесіп жауапты.

Жаңа дәрігерлік амбулаторияның іргетасы 2024 жылдың маусым айында қаланған, ал құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Келесі нысан – осы аудандағы Абай ауылының тұрғындары үшін салынып жатқан медициналық мекеме. Оның техникалық сипаттамалары Үштеректегі амбулаториямен бірдей. Мұнда да бір ауысымда 50 адам қабылданады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың тамыз айында басталып, биыл жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған.

Сондай-ақ қарасайлықтарды қуантатын тағы бір жағымды жаңалық – Қаратөбе ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы. Бас мердігер – «Капитал Строй Проект Групп» ЖШС. Нысанның дайындық деңгейі 95 пайызға жеткен. Қалған жұмыстар желтоқсан айының соңына дейін аяқталып, нысан пайдалануға берілмек.

Жалпы, Алматы облысында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті