Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президенттің тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының ауылдарында қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа медициналық мекемелер ашылды

Президенттің тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының ауылдарында қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа медициналық мекемелер ашылды
Фото: primeminister.kz

Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының 1,5 мыңнан астам тұрғыны бар Мұғалжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Ол Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес салынған.

Медициналық нысан амбулаториялық қызмет көрсетеді, зертханалық диагностика мен скринингтер жүргізеді. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Амбулатория тәулігіне 45 келушіге есептелген.

Сондай-ақ өңірде бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қор қаражатына салынған Байғанин ауданының Ноғайты ауылында күніне 40 келушіге есептелген фельдшерлік-акушерлік пункт (құны – 190 млн теңге) және қуаты тәулігіне 25 келушіге арналған Ырғыз ауданының Жарма ауылындағы медициналық пункт (құны – 145 млн теңге) пайдалануға берілген болатын.

5 мыңға жуық адам тұратын  Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.

Жалпы Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда үш нысан пайдалануға берілді, сегіз нысанның құрылысы жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті