Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылады

Астанада қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада жоғары жетістікті спортты дамыту аясында, сондай-ақ елордадағы қолайлы климаттық жағдайларды тиімді пайдалану мақсатында спорттық нысандарды жаңғыртуға және арнайы секциялар желісін кеңейтуге жүйелі түрде инвестиция салынып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құру туралы шешім. Жаңа құрылым бірнеше спорттық бағытты бір басқару жүйесіне біріктіріп, спортшыларды бастапқы дайындықтан ұлттық құрама деңгейіне дейін тиімді дайындауға мүмкіндік береді.Басты мақсаттар:

• қысқы спорт түрлері бойынша бірыңғай дайындық орталығын қалыптастыру;

• кадрлық, қаржылық және материалдық ресурстарды шоғырландыру;

• оқу-жаттығу үдерісінің сапасын және спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

• мекемелер құрылымын қысқы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту басымдықтарына сәйкестендіру.

Қысқы спорт түрлерін дамыту аясында ауқымды жобалар да іске асуда: жыл соңына дейін Орталық саябақта жаңа заманға сай шаңғы базасының құрылысы аяқталады. Жаңа кешенде түрлі деңгейдегі шаңғыроллерлік жолдар, киім ауыстыратын жылы бөлмелер, инвентарь дайындау бөлмелері, жаттықтырушылар мен әдіскерлерге арналған арнайы кабинеттер болады.

Бұдан бөлек, «Қазақстан» спорт сарайының құрылысы да басталды, бұл қысқы спортпен айналысуға қолжетімді ортаны кеңейтудегі маңызды қадам болмақ.Маңыздысы – енгізіліп жатқан өзгерістер кадрлық қысқартуға әкелмейді: барлық жаттықтырушы өз жұмыс орындарын сақтап, балалармен толық режимде жұмысын жалғастыра береді. 

Оқу-жаттығу процесі де бұрынғы көлемде жүргізіледі.Ата-аналар үшін алаңдауға еш негіз жоқ: жаттығу жағдайы нашарламайды, кесте мен бағдарламалар қолжетімді күйінде қалады. Қысқы спорт түрлерін бір мектепке біріктіру жас спортшылардың дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті